Өлең, жыр, ақындар

Сен

Альбинаға...

Сен маған бағалысың!
Сен менің арымның ажарысың!
Сені ойлап өртеніп барады ішім!
Өмірімнің мәнісің, базарысың.

Сені мен қызғанамын!
Сенесің бе сөзіме шын ғажабым?!
Саған қарай аударса кім назарын,
Шегемін дүниенің күллі азабын!

Сен менің асылымсың!
Сен үшін ажалға бас ілінсін!
Сенің атың жүректе жасырылсын,
Себебі шын сүйген ғашығымсың!

Сен мені сағындырып,
Сарғайттың, жүректі қабындырып.
Жоғалсаң көзімнен сағым болып,
Кеуде тұсым өртенер жалын болып.

Сен сенші маған,
Сезімнің азабына мен шыдағам!
Сен үшін жүрегім болсын алаң,
Сағындырып қайтадан келші маған.

Ақпан. 2023 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ажал

  • 0
  • 3

Қорқамын ажалдан, өлімнен,
Бір кешірім күтемін көгімнен.
Емеспін өлімге мен дайын,
Оны ойлап ұйқы да бөлінген.

Толық

Мұңлық

  • 0
  • 2

Көз алдымнан кетпей қойды-ау сенің нұрлы келбетің,
Ораласың ойыма сен, түн басқанда жер бетін.
Бір өзіңді көрмегелі өтіпті-ау көп уақыт,
Бүгін саған жыр арнадым, қалам алып, үн қатып.

Толық

Урбан

  • 0
  • 0

Мезі болып көліктердің үнінен,
Жата алмадым түнімен.
Ұйқымды ашу үшін, тағыда
Кофенің көмегіне жүгінем.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер