Өлеңменен туғандаймын мен бірге – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Өлеңменен туғандаймын мен бірге» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өлеңменен өмірімді жалғаймын,
Өзімді -өзім осылай мен алдаймын.
Қуаныштар көп болса әр күнімде,
Қыран құстай мен самғаймын.

Жараланса жайсыздықпен жүрегім,
Өлеңнен іздеймін тірегін.
Қайғы -мұңға орын жоқ деп әрқашан,
Өзімді -өзім алдаусыратып жүремін.

Өлеңменен туғандаймын мен бірге
Елеңдеймін сені іздеймін мен неге?
Фариза да , Сара да мен емеспін,
Бірақ солардың соңынан мен ілестім.

Өлеңім менің өмірім,
Деп айтсам артық демегің.
Өлеңмен жеткізіп ойымды,
Адалдықты ту қылып келемін.

Қаламыма ұштала бер дегенім,
Жеткізгенім оқырманның тілегін.
Өлеңменен жазылады әрдайым,
Жанға ашпаған сырларым.

Мен кейде нар тұлғалы батырмын,
Өлеңменен әділдікті жақтайтын.
Мен кейде жаны нәзік ақынмын,
Өлеңменен сұлулықты айтатын.

Өлеңге байланды тағдырым,
Өлеңнен туып жатыр ай-күнім.
Жүректен шыққан үндерге,
Құлақ сал келешек ұрпағым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлеңменен туғандаймын мен бірге өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Өлеңменен туғандаймын мен бірге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлеңменен туғандаймын мен бірге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлеңменен туғандаймын мен бірге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар