Өлең, жыр, ақындар

Шіркін-ай

Дүркінде,  шіркін дүркінде,
Дүние өтер бір күнде.
Алпыс күн атан болғанша,
Бура болып бір күн зіркілде.

Жасыма,  мүлде  жасыма,
Түссе де қайғы басыңа.
Болса да қиын мыңдаған,
Татымас тамшы жасыңа.

Асқақта, ұлтым асқақта,
Болғайсың ылғи жақсы атта.
Ұлы той болып ұлы елде,
Жүгірсін қарт та, ақсақ та.

Жарқылда, тілім жарқылда,
Жалынды күйде жалтылда.
Мәңгілік тіреу болсаңшы,
Қазақтай елдің артында.

Тулашы, өлең тулашы,
Шындықпен жолың ұласып.
Жұздыздай көкте қалықта,
Жүйріктей жүйткіп қыр асып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы Абай

  • 1
  • 0

Қазақтың өлең сөзге жаны жақын,
Дүниеге келді шешен,  талай ақын.
Бұйырмады өзгеге өзіңдей бақ,
Қазақ емес,  әлемге мәшһүр атың.

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Жүректе сезім  болмаса,
Адамды адам кім қылмақ?
Адалдың сөзі қонбаса,
Болады сонда ұялмақ.

Толық

Қарап көріңіз