Ұлы Абай
Қазақтың өлең сөзге жаны жақын,
Дүниеге келді шешен, талай ақын.
Бұйырмады өзгеге өзіңдей бақ,
Қазақ емес, әлемге мәшһүр атың.
Құнанбайдың қаны бар құлыны едің,
Қара сөзбен қасыңды жұлып жедің.
Ғұмыр бойы халқым деп қақсап өттің,
Тірі күнде қадіріңді біліп еді кім.
Қыран бүркіт секілді бөрі көрген,
Жабырқадың ел басқарар ұлы төрден.
Өз қамы үшін саудалар өз перзентін,
Не күттің өркөкірек сорлы елден.
Қырық бес қара сөзді жаздың , сірә,
Барлығын алама екен көп ұғына.
Астарлап айтылған әр ауыз сөзің,
Шыға ала ма ұрпағың ой шыңына?
Алаш сенің сөзіңе ерсе егер,
Өзін алмақ ойдағы жауын жеңер.
Әттең бәрі Абайдай ой ойласа,
Жат астында тапталмас еді ел менен жер.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі