Өлең, жыр, ақындар

Өмір

Жүректе сезім  болмаса,
Адамды адам кім қылмақ?
Адалдың сөзі қонбаса,
Болады сонда ұялмақ.

Кіріптар болсаң әрнеге,
Жарлыға жәрдем кім бермек?
Шықпаса сыйлы төргеде,
Жақсының жүзін кім көрмек?

Өлеңді жазу көпке ермек,
Сөзінде мән жоқ сүзерге.
Жаздым деп өспек,  көгермек,
Жағымпаз болып бұл елге.

Пенденің күні пендемен,
Досыңды сына жалғызда.
Талтаңдап,  аяқ кермемен,
Қаласың жалған жансызда.

Білімге құштар болса жас,
Жеріңнің сәні келері хақ.
Бос белбеу болсаң сөз алма,
Жиіркенер сенен сенер жақ.

Өсектің қасын торласаң,
Опасыз жанға кім сенбек?
Әлсізді басып қорласаң,
Жауызын елдің кім жеңбек?

Құдайға сенім болмаса,
Қиямет қиын өтері рас.
Көңілде иман болмаса,
Бетімен безіп кетер жас.

Қазағым аз-ақ болғансоң,
Мақсатың ел болып бірігу.
Бөліну тозақ болғансоң,
Рухани түрде тірілу.

Өлеңді жаздым көп үшін,
Біреуді сынау ойда жоқ.
Еңбек қылсаң шен үшін,
Ұлтыңа сенен пайда жоқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы Абай

  • 1
  • 0

Қазақтың өлең сөзге жаны жақын,
Дүниеге келді шешен,  талай ақын.
Бұйырмады өзгеге өзіңдей бақ,
Қазақ емес,  әлемге мәшһүр атың.

Толық

Шіркін-ай

  • 0
  • 0

Дүркінде,  шіркін дүркінде,
Дүние өтер бір күнде.
Алпыс күн атан болғанша,
Бура болып бір күн зіркілде.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар