Сен кінәлісің –  

Бұл бетте «Сен кінәлісің» атты   жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сен кінәлісің
Өмірді сүймегенің үшін
Отына күймегенің үшін
Жақсы ой түймегенің үшін

Сен кінәлісің
Адамға сенбегенің үшін
Жақсыға ермегенің үшін
Досыңа серт бермегенің үшін

Сен кінәлісің
Адамды алалағаның үшін
Шындықты жалалағаның үшін
Өзіңе керектіні қаламағаның үшін

Сен кінәлісің
Өз тіліңді білмегінің үшін
Ана тілде ойнап-күлмегенің үшін
Ата-баба дәстүрімен өмір сүрмегенің үшін

Сен кінәлісің
Елге еңбек етпегенің үшін
Маңдай терді төкпегенің үшін
Алға қойған мақсатыңа жетпегенің үшін

Сен кінәлісің
Шындықты жырламағаның үшін
Өтірікті қорламағаның үшін
Әлсізді қиындықта қорғамағаның үшін


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен кінәлісің өлеңінің авторы кім?

  — осы өлеңнің авторы.

Сен кінәлісің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен кінәлісің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде   өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен кінәлісің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері