Бауырды еске алу

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Өмірдің біраз өткелдерін өткердің,
Айта алмаған сөздерім де көп менің,
Жанашырым, бауыр етім, бауырым,
Сенсіз менің өтпес мына күндерім.

Саған деген сағынышым сейілмейді,
Көз алдымда жарқын бейнең күлімдейді,
Әпке деген жылы сөзің қуат беріп,
Жүрегімнің мұң-жарасын емдейді.

Басқалардан ерекше еді сол бір кейпің,
Мен сені бар ғаламға теңейтінмін,
Нар тұлғадай азамат ең үлгі етер,
Бойыңнан бір кемшілік көрмейтінмін.

Сенсіз жалған дүниеге сыя алмадым,
Мен сені қара жерге қия алмадым,
Сені қатты сағындым ғой білесің бе?!
Жанарымнан көз жасымды тыя алмадым.

Бір сәтте болып қалдық сенен жазым,
Есімде тұрады әркез қылықтарың,
Қоңыр қозым жарқ еткен сол бейнеңді,
Әрдайым сағынышпен еске аламын.


Пікірлер (1)

Дәмір

Мағыналы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бауырды еске алу өлеңінің авторы кім?

AliyaBirjanqyzy — осы өлеңнің авторы.

Бауырды еске алу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бауырды еске алу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде AliyaBirjanqyzy өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бауырды еске алу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.