Жамиығы қазақ бір туған
- 0
- 0
Атамыз алыс болғанмен,
Жамиғы қазақ бір туған.
Бір пәлеге жолығар,
Есебін таппай сөз қуған.
Бұл бетте «Бауырды еске алу» атты AliyaBirjanqyzy жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Атамыз алыс болғанмен,
Жамиғы қазақ бір туған.
Бір пәлеге жолығар,
Есебін таппай сөз қуған.
Адам болса, көңліңде
Болмай қалмас бір арман.
Екі мұңды бас қосса,
Іштегі шерін шығарған.
Дүние, әттең әуре еттің мені,
Көп қудым әуре болып залым сені.
Бір күні санды соғып, «аһ» ұрамын,
Көшкен соң жігіттікің керуені.
Ауылың Жаңадария өріндесің,
Боз үйдің әкең тіккен төріндесін.
Сырты кең сыпайының, іші - тар-ды,
Көзіме жамандығың көріебесін!
Сәлем беріп, қол алған -
Мен Балқының Базары!
Дәулетіңе кез келдім,
Сіз Тоқаның Назары.
Дәмір
Мағыналы