Иығыңнан төгілген қара шашың, – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Иығыңнан төгілген қара шашың,» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Иығыңнан төгілген қара шашың,
Мұнайдың атқылаған фонтанындай.
Қара қасың иілген қарлығаштың,
Қанаттары еркелеп қаққанындай.

Еріндерің қызғалдақ, раушангүл ме?
Дәмі балдай құлпынай тосабынан.
Қос қабаққа жарасып қара сүрме,
Қара көзің теңіздің маржанынан.

Сен тұрғанда қалады дала ұйып,
Сұлулықтың ерекше салмағынан.
Саған қарай талай көз кетер күйіп,
Армандардың шыңы боп қалмағынан.

Әтіріңе масаурап, еріп кетер,
Небір жігіт қырқынның аңсағаны.
Мойыныңды иіскеуді аңсап өтер,
Қаусаған шал өлгелі жатсадағы.

Бұл саусақтар лайықты гаухартасқа,
Құдыз тонға лайықты иықтарың,
Құшағыма жарассаң амал басқа,
Кезек кезек алар ем сүйіп бәрін.
Ержан Қабышұлы /Bura-Naiman


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иығыңнан төгілген қара шашың, өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Иығыңнан төгілген қара шашың, өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иығыңнан төгілген қара шашың, өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иығыңнан төгілген қара шашың, өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар