Сағындым
Бұл бетте «Сағындым» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас,
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.
Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар,
Есігімде мықты қара құлып бар.
Кіп-кішкене терезелер темірлі,
Мұндай үйден кімге естілер ащы зар!
Алтын Күнді, қара жерді сағындым,
Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым.
Асау тайдай еркелетіп өсірген,
Ағайынды, туған елді сағындым.
Әлдеқайда Күн шығады, батады,
Сорлы тұтқын күңіреніп жатады.
Қарар болсаң терезеден темірлі,
Көздеп тұрған күзетшілер атады.
Ас бола ма сасық сорпа, қара нан?
Алма бетте қалмады ғой тамшы қан.
Қоңырау қағып оятады ақырып,
Тым болмаса сібірлеп те атпай таң.
Бостандықта өткен күнді сағындым,
Желдей зулап кеткен күнді сағындым.
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,
Ойдағыны еткен күнді сағындым.
Абақтының айға баға күні ұзақ.
Жанды жейтін жылға баға түні ұзақ.
Ескі мола дән дыбыс жоқ, тым-тырыс,
Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ.
Қара жылан – қалың ойлар қаптады,
Шыбын жаным барар жерді таппады.
Ойлар жейді жас жүректі жегідей,
Тәңірі ием, таңың-дағы атпады!
Ойыны бір құрдастарды сағындым,
Тілегі бір жолдастарды сағындым.
Келешекке бірге жоспар құрысқан
Сырласатын жан достарды сағындым.
Уға толды жас жүрегім, жабықтым,
Таныс дауыс ести алмай зарықтым.
Не дегенін, не істегенін біле алмай,
Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың!
Құшақтарға жанымжа жоқ жақын жан,
Басқа шапшып мазаны алды ыстық қан.
Жалындаған жас жүрекке не пайда,
Дене күйіп, бір жатып, бір тұрудан?
Жүрегіме жақын жанды сағындым,
Жібек мінез, ақық жарды сағындым.
Айрыларда күншығыстан ағарып,
Ақ жібектей шапақ таңды сағындым.
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!
Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін!
Қалың елім, қалаң қара ағашым,
Қайраты мол айбынды ер, Алашым!
Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл,
Ақымақтар байқамаған шамасын.
Қазағымды, қалың елді сағындым,
Сарыарқамды – сайран жерді сағындым.
Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,
Арқадағы айдын көлді сағындым.
Қуанышта: "Әй сені ме!" - дегендер,
Күйініште мен үшін уайым жегендер,
Құтылу қиын, басқан адым аңдулы,
Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер.
Тәңірі ие, өзің алшы панаңа,
Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?!
Баласынан тұтқын болып сарғайған
Кім жеткізер сәлемімді анама?
Абақтыда айды, күнді жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым.
"Қарашығым, құлыным!" - деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Осы сайтқа көп рахмет іздеген материалдарымды қиналмай табамын.Сіздерге сәттілік!))
Өте тамаша өлеңдер
Оте тамаша олен !
Тамаша олен!
Жүрегімді жаралады "Сағындым"
Мне очень понравилась
Magan mina saytta sagindim olengide unadi Rahmet...
Бұл өлең өте керемет
Мен сиздерге косылам оте тамаша саит озим ризамын!!!!!
Оте керемет олен маган катты унады керемет!!
Керемет нагыз акын Магжан менин суйикти акыным
Керемет
өте керемет өлең
Keremet
өте жақсы маған ұнайды издегенимди киналмай табамн
Маган мына олендердин бари унады ((асиресе сагындым олени оте керемет жазылган))
Маган мына олендердин бари унады
((Асиресе сагындым олени оте тамаша жазган .
ote keremet zhazilgan baskalarmen kelisem
оте кремет жазылган баскалармен келисем
керемет кушти
мага унады
мыны сайт ашылганы жаксы болды ишинде бари бар
Маган катты ұнады
Ok СОЗ жок
неткен аянышты
оте тамаша екен
мағжан жұмабаев сіздің өленніңіз маған қатты ұнады
Megan katti unagan olen ol sagindim keremet sozderi aserli eken asirese birinshi kupleti
өте жақсы өлен
Оте кушты олен★☆
Сөз жоқ!!!! Тамаша сайт
керемет
Оте тамаша!!! Жарыска осы "Сагындым" деген оленди айтып, 1орын немесе бас жулде алсам екен ИНШАЛЛАХ
өте тамаша керемет
ағаларымыз мықтығо, бізғо әлсіз
өте керемет
Мына сагындым оленинен кеин бойымда патриоттык сезим кушейип журегим тербеп козге жас келди не деген керемет .
Керемет. Сiздерге келiсем.
Өте кереемеееет
Керемет өлең а пайым бір қуанатын болды
Айтарга созым жок!
керемет сайт іздегенімнің бәрі табылады
маган катты унады бул саит маган оте катты унадды базар жок
Маган оте катты унады сагындым олены
Рахмет
Оте керемет жазылган, зор
Өте керемет!Ұжымдарыңызға көп-көп рақмет.
Күшті өлең екен
Сіздерге рахмет
Рахмет
Тамаша
Көп рахмет сіздерге
Сіздерге шын жүректен сәттілік
Не деген рухты патриотшыл өлең керемет сөз жоқ екені белгілі
Өте керемет өлең.Тіпті көзіне жас аласың.Осындай мықты ақын жазушыларымыз көбейе берсін.Қазақстанымыз дами берсін!!!
менің сүйікті ақыным Мағжан ұнатқан сайттым bilim-all.kz
Өте тамаша сайт
Сагнмдм олени катты унайд озме????❤️
оте керемет олен
Оте керемет. Жанга батады. Алаш ушин атылды гой????
Сөз жоқ керемет маған ұнады
Копировать еткенде неге мәтін сияқты блоып түседі ?!
Рахмет күшті сайт ризамын
Өте тамаша сайт
Рахмет сіздерге бүгінгі саиыста орын алдым
Тамаша өлеңдер .Рахмет
Мағжан Жұмабаевтың Сағындым атты өлеңі ұнады
Өте керемет маған ұнады
Я по казахски не понимаю
Өте керемет маған ұнады
Мен егже✈️????????????????????????????
Жүректі дірлтеткен тамаша өлең
Сіджердің қандарңыз бекерге төгілмес Алла әділдік берер қазақ халқына
Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі тұтқынның жүрегіндегі елге, туған жерге, жақын адамға деген сағынышты өткір әрі көркем тілмен ашады. Бұл шығармада ақынның туған ел мен сүйікті адамдарды сағынуы, бостандық пен адамдық ар‑ұят туралы толғанысы шынайы сезіммен беріледі және поэзия сүйер оқырманға терең әсер қалдырады.