Құс болып жаратыла қалмағаным… – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Құс болып жаратыла қалмағаным…» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Құс болып жаратыла қалмағаным…
Жоламас ем дүрбелең қала маңын.
Жан дүние түз тартқан шырылдатып,
Пырылдайды торда тән балапаным.

Еркіндікті қанатым аңсағағаны,
Адам дейді, - адамдық қайда, кәні?
Ақындардың мінезі ұшпай құсша
Ән салмайды жасырып тамсанарын.

Адам едім, шын оны қаламадым.
Жаратушы бұйырған - бағынамын.
Жиі көрем түсімде құс кезімді,
Көк аспанды тілгілеп самғағаным.

Қызығардай несі бар бұл жалғанда?
Қу дүние қанатты қырқыған да.
Төніп басқан төрт қабырға төбесі де,
Терезеге телмірген қиқым арман.

Жұлқылаған жан-жаққа жалған тағдыр,
Көк аспанға нем бар еді болып ғашық?
Құдай! Егер естісең құсқа айналдыр,
Көк Тәңірмен өзара ақылдасып.
Ержан Қабышұлы / Bura-Naiman


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құс болып жаратыла қалмағаным… өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Құс болып жаратыла қалмағаным… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құс болып жаратыла қалмағаным… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құс болып жаратыла қалмағаным… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар