Аялдамада – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Аялдамада» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2023
  • 0
  • 0
  • 1231
Сен және мен, — аялдамада тұрмыз екеуміз.
Жарық сәуле жұтып Жалғаннан.
Бір аяғыңның кемтарлығын бірден аңғарғам.
Күйік шалған жүзіңді және байқағам, салғаннан.

Не болды екен саған, қыз бала?
Аялдамада — біз ғана.
Көше бойы — арқырайды кілең көктемір.
Алая Аспанға қарайды, ғимараттары құж Қала.

Дәтінің дуы дулығалы замандар үнімен сарындас,
мен бір бейтаныс ағаңмын ғой, лапылдаған жалын-Бас.
Жарымжандығыңды жаутаң көзіңмен жасырып,
азаптануың-ай, қарындас…

Безбүйрек тасбет Қала, жезүнді,
аяусыз жаныштай бере ме сендегі төзімді?!..
Ыңғайсыздана жөткірінгеніңнен төменшіктенгенің тіптен сезілді.
Көз жасым көкірек іші езілді…

Өзге жаққа оқталып қызылкөз шылымым,
өзіңді жотаммен де көре алуымның сыры — мың.
Қарашы, әне, қандай әдемі бұрымың!..
Айналадағы сұқ көздер мен сумаң сөздерден қорғансыз,
тап-таза, бейкүнә, тірі Мұң —
ішкі Нұрыңды
сүйіп тұрмын ғой мен, құлыным…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аялдамада өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Аялдамада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аялдамада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аялдамада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері