Анасына баламның туылмаған

Бұл бетте «Анасына баламның туылмаған» атты Samat Abdesh жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мезет пе еді,өткен-кеткен күндерім?
Жастық па екен,серттік берген сөздерім?
Сөндіруді,туыс-мұңдас көздерді
Жеңіліспен теңер ме екен,жүрегім?

Қиналуды,өлең қылу мақтаң ба?
Ең бірінші қорқынышым,сақтаңған.
Саппен жүріп,саппен өлу керегін
Айтушылар сабылады,боқтаңған.

Ақындық па,мына бала тақпақтар?
Сатқындық па,өмір салған соқпақтар?
Сансыз сауал мына асау өмірге
Ақымақтық...
Шығатындай,мың тығылған бұқпақтар.

Жалғыздық ед,ауруың есуастық,
Мүмкін,сірә бере алмадық бақталастық.
Бесінші рет құтқарушың безген сәтте
Қимау оны,кейіпіндей жанталастық.

Жанталасу кейіпің бақыт пе еді?
Мысы саған Өспеннің жақұт па еді?
Әр сәтің меніменнен көтерілген
Түсу үшін лезде төмен уақыт пе еді?

Болдың тыйым ойларыма ластанған,
Жоғаласың әр сөзімде қоспаған.
Тежеу болды,мына жалғыз ақылым,
Жүрек аттас тентегімнен мастанған.

Кез-келді ойымның дамылдаған,
Аспан асып жатыр ғой жазылмаған.
Саған ғана осы өлең түсінікті,
Анасына баламның туылмаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анасына баламның туылмаған өлеңінің авторы кім?

Samat Abdesh — осы өлеңнің авторы.

Анасына баламның туылмаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анасына баламның туылмаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Samat Abdesh өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анасына баламның туылмаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері