Мыстанға – Samat Abdesh

Бұл бетте «Мыстанға» атты Samat Abdesh жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қаншалықты алдың сабақ менімен?
Айтатындай толып ауыз,кеңінен.
Сенбейтіндей оқиғалар болды ғой
Тіпті соны айттындар ма онымен?

Созылды ғой індетім,жазылмады,
Оған шипа әзірше ашылмады.
Қойдым атын сенікін ауруыма,
Басқа адам ауыратын табылмады.

Жүрек ісі - бөлек іс,шатастырған,
Ерлер тұрмақ,елдерді шайқастырған.
Сен үшін болар соғысымда,
Әр жеңісім метрлер алыстаған.

Жеңісімнің белгісі-жыламауың,
Сол әкеңе өміріңнің қарамауы.
Жаныңда әр кезде кім болса да,
Қорғансыздық қалпыңа оралмауың.

Жара сала өзіңе,өзім күйдім,
Қарай бере көзіңе,тағы сүйдім.
Мыстанның қарашығы солып қалар
Кездескенде қатынымен сұм Керейдің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мыстанға өлеңінің авторы кім?

Samat Abdesh — осы өлеңнің авторы.

Мыстанға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мыстанға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Samat Abdesh өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мыстанға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері