О,Абай – Гульназ Сайлауова

Бұл бетте «О,Абай» атты Гульназ Сайлауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қара сөзі қайнаған қазанының,
Алла сөзі жайнаған азанында.
«Бісміллә» деп сөз бастап жазарынды,
Ұлы Абай болды хақтың назарында .
Ел жадында сақталған тұлға биік,
Барша жұрт ұлықтаған
Басын иіп.
Ұлы Абай көненің көзі болды,
Адами құндылықтың тәжін киіп.
Желсіз түнде жарық-ай,
Құлақтан кіріп бойды алған
Қара сөзі Абайдың
Көңілге түрлі ой салған.
Ұлы Абай бүгінде,
Поэзияның төрінде.
Жазулы тұр есімі,
Қазағымның көгінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар