Аққуларымды сағындым – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Аққуларымды сағындым» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.01.2016
  • 0
  • 0
  • 2469
Аққуларым,
Неге келмей кеттiңдер,
Күтуменен өтiп жатыр көп күндер.
Жағалауды лай басып кеттi ме,
Әлде, әлде мұнай басып кеттi ме?!
Арман қуып бір қиялға берілсек,
Саған ынтық сезімді ала келуші ек.
Қолымыздан және де жем берушi ек.
Аққу болып ұшты дейтін кезінде,
Бекет –Атам көзіндей бір көруші ек.
Жағалауға соғып және самал жел,
Толқындардан тоқпақ бұрым өрілсе.
Маңғаз еңдер, кербез еңдер өте тым,
Шағалалар жемiңдi жеп кететiн.
Қанаттардың сусылы да әдемi,
Тамшылардың тырсылы да әдемi.
Әдемi едi сендер жүзiп жүрген жер,
(Сыңар iздеп сыңсуың да әдемi).
Мұз жаратын тұмсығындай кеменің,
Зырқыраған ұшындай боп жебенің.
Аңсап әркез көк айдынды келетін,
Аспандағы тізбектерің әдемі.
Маң даланы тербеп бара жатады,
Ал әуенің, әуенің.
Ей, қымбаттым,
Ей, сымбаттым,
Әдемім...
Көк аспанда ап-пақ қанат тiзiлген,
Көк теңiзде ап-пақ маржан сүзiлген.
Жанарлардың шарасына сыймайтын,
Пәк нұр дерсiң Күн көзiнен үзiлген.
Ақтауымда көп қуаныш, көп думан,
Табиғаттан жарасымды таптым мән.
Сендер жүрген жерде дәйiм бiрлiк бар,
Күтудемiз,
Тез келiңдер, аққулар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққуларымды сағындым өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Аққуларымды сағындым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққуларымды сағындым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққуларымды сағындым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері