Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен
- 0
- 0
Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен,
Толқындай ырғағыңмен табысар ем.
Қалқысын көңіл аппақ шағаладай,
Ашылып қарсы алдымнан алыс әлем.
Бұл бетте «Жалғыздық жайлы» атты Алматбек Сақтаған жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алматбек Сақтаған — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Алматбек Сақтаған өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен,
Толқындай ырғағыңмен табысар ем.
Қалқысын көңіл аппақ шағаладай,
Ашылып қарсы алдымнан алыс әлем.
Қалған мезгіл болар, бәлкім, таң атып,
Ажал мерген құлатыпты мені атып.
Қос жанары жабылмаған басымды
Таулар жаққа койған екен қаратып...
Дос көңілін қылаусыз арман етем,
Арманыңды үмітке жалғап өтем.
Көптен күткен менің бір жеңісіме
Қуанатын қол соғып жан бар екен.
Ән салқын, айналаның салқын бәрі,
Тірліктің алдамайды жарқылдары.
Өмірдің бұрқылдаған қазанында
Қайнаған ойым неге салқындады?
Шөлдедім мен, келеді сусындағым,
Үндемейді бұлбұлды сыршыл бағым.
Аласұрған арман боп, сағыныш боп,
Жырларымның жолында жүрсің, жаным.
Сабыр қайда, япыр-ау, тыншу қайда,
Көңіл көгі ұқсайды мұңшыл айға.
Тірлігімнің келемін тілін таппай,
Бал сұрай ма, білмеймін, су сұрай ма?
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі