Фри-фаер – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Фри-фаер» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Отыр еді Ғалымжан,
Тыныш қана шай ішіп.
Сылдыр етіп смс,
Сөйледі біреу майысып:
- Қалайсың Ғал? Боссың ба?
- Иә, не болды..?
- Доссың ба..?
- Доспын делік...!
- Ендеше..
фф ойнайық, кел бірге?
- Уақытым жоқ..!
- Аз сәтке..?
- Мақұл, тек он минутқа..?
- ОК - деді, дос қыз да.
Ойынға кетті кірісіп,
Онлайн әлем, соғысып
Уақыт желдей зулапты
Қас қарайып, күн батты,
Істелмей талай іс қалды.
Оқылмай кітап бос қалды.

Жаттығуға бармады,
Отынды да жармады.
Тазаланбай қора тұр,
Малдың шөбін салмады.
Суармады қойларын,
Жауынгер боп ойнады.
Кеш түскенде далаға,
Атып шықты суды алып.
Қой-ешкісін суарды,
Науаларға шөп салды.
Сығырайған жарықпен,
Қи-тезегін шығарды.
Бордақыға жем берді,
Сиырға беде, тұз берді.
Аш малдардан ұялып,
Ойнамасқа серт берді!

Ғалымжан жаман бала емес,
Сабағы да - кілең бес!
Достары бірақ... ойынпаз,
Мұндай достан сен де қаш!

Гүлмекен Қасенбай
01.04.2021


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фри-фаер өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Фри-фаер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фри-фаер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фри-фаер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар