Өлең, жыр, ақындар

Құшақ (ата-ана)

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бір жігітпен жұмыс жақта кездестім,
Таныс еді, бір жағынан жерлеспін.
Мұңын айтты, "ақша жоқ" деп налыды,
Жақын тартып ұзағынан сөйлестім.
-Аға- деді шындығына келгенде,
-Мансап жолда керек емес ,- деді ешкім.
Келісімге отырайық ендеше,
Себебі сен - бай, мен- бақытты емеспін.

Тыңда!
Мен саған ерлік, жігер берем саспайсың,
Мықтылық берем еш қиындықтан қашпайсың.
Бір ғана шарт бар, 9 ай 10 күн көтерген :
анаңды айырбастайсың.

Зәулім үй, көлік берем аттай желесің,
Беремін дарын, кез келген жерде жеңесің.
Есесіне, сені "ер" қып өсірген
Әкеңді маған бересің.

-Жарайд(ы) - деді, ал керектің барлығын,
Берген жақсы көргенше өмір тарлығын.
Жоқтығынан ата-ана, бауырдың,
Бұл жалғанда бақытсыз боп қалды кім?

Білдім
Аңдаусызда айтқан ойсыз жауап бұл,
Бала бәрін тек байлыққа балап тұр.
Бірнеше жыл өтті зулап арада,
Дәл сол жігіт тұтқаның артында жылап тұр.

Кешір мені, қателестім от бастым.
Қымбат екен, дүние емес отбасым.
Енді біреу "әлем" берем десе де,
Бір тал шашын бар байлыққа сатпаспын.

Қуанышты, түсінгенің білгенің,
Бірақ енді отбасым ғой бұл менің.
Сен кеткенде нәр татпаған анаңды,
Жұбатушы ед(і) аман-есен жүргенің.
Әкең байғұс жасқа толып жанары
Жылағаны көз алдымда тұр менің.

Керек емес, болды бәрін ала бер,
Ұл болмадың, тамсанатын қарап ел.
Тым болмаса келеріңде бұл жаққа,
Молдаңменен құраныңды ала кел.
Аяған соң өз баласы құшағын,
Құшағына алып кетті қара жер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құшақ (ата-ана) өлеңінің авторы кім?

Тасмуратова Дана — осы өлеңнің авторы.

Құшақ (ата-ана) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Құшақ (ата-ана) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тасмуратова Дана өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құшақ (ата-ана) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.