Жұлдыз қадап қайттым мен – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жұлдыз қадап қайттым мен» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 558
Көңілі – көл, ойы – теңіз бұл халық,
Жаны – жайлау, жүрегі ән-жыр халық.
Күллі халық үлескенде мереке,
Қойған башқұрт жырлап жүріп құр қалып.
– Біз де жұртпыз!
– Бізге де ортақ мереке!
– Мерекесіз бола ма елде береке!
Десе башқұрт,
– Қонақ шақыр бір үйің,
Аймағың боп тойла етіп мереке!—
Депті қызыр.
Башқұрт жұрты құп алған.
Қол соғыпты жасыл дала, ну орман...
Көріп қайттық, қонақ келсе той жасап,
Кәрі-жасы шығады екен құмардан.
Жадыраған, жаудыраған бар алап,
Кербез ару Ақ Еділді жағалап,
Маңдайыма жұлдыз қадап қайттым мен...
Дарқан жанды башқұрт елін аралап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері