Рудакиге еліктеу – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Рудакиге еліктеу» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кең жалғанның алармын ба алғысын,
Ақ дидарың шақырады жан құсын.
Жүрегім­ай, қайран, менің жүрегім,
Ғашық болып қалғаннан сен саумысың?
Ес білгелі тыңдап келем құс әнін,
Тәжік қызы, кірпігіңмен тұсадың.
Бүлкілдейді ақ төсіңде қос алма,
Бір құшуға шақырғандай құшағың.
Бір кездесу азабын көп шектім де,
Памир берген нұр жұмаққа жеттім бе?!
Неге сонша дірілдейді білегің,
Сен де маған ғашық болып кеттің бе?
Сәт әкелді жүректің гүл тергені,
Жас қызғалдақ ескі дертті емдеді.
Екі көзі көрмесе де Рудаки
Осындайда депті: «Қалқам, кел бері».

29.09.1983.
Пенджекент


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері