Жылап тұрсың дейсің бе? – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жылап тұрсың дейсің бе?» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 633
Жылап тұрсың дейсің бе бала сынды,
Жылағам жоқ,көңілім аласұрды.
Сағынғаным болмаса туған жерді,
Сағынғаным болмаса анашымды.

Жасайды ылғи ішім мен сыртым егес,
Қай жүйкені мынау күй сілкілемес.
Қарашық та домалақ доп секілді,
Іркіп қалу жасыңды мүмкін емес.

Туған жердің суына қармақ түсер,
Ақ шабақтар қармақты қармап түсер.
Бұлт ішінен бұлқынған ай секілді,
Ғазиз жүрек орнынан аунап түсер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері