Алғыс – Берік Алтынай Айбекқызы

Бұл бетте «Алғыс» атты Берік Алтынай Айбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сөз өнер боп қонды маған бақ құсы ,
Балғын дарын келеді өрге шапқысы .
Келеді ылғи мені алға жетелеп ,
Мария апай-мектебімнің басшысы!

"Нұр Отанды"қамқоршым деп атайын ,
Сәби үнмен заманға тіл қатайын.
Үйретуде маған жазу қыр -сырын,
Ташимова Гүлмирадай апайым !

Қызылорда -қалам ғой ең сүйікті ,
Маған әркез армандатқан биікті.
Сыр өңірім ақ маржаннан тау жасап,
Өсіруде мыңғырған мал -мүлікті .

Басшысы елдің -Қырымбектей ағайым,
Сізді елдің данасына балайын.
Қанаттанып батаңызбен Сіз берген,
Сыр елінің ақын қызы болайын !

Маған қолдау көрсеткен соң өзіңіз,
Кітап болып жарық көрді сөзіміз .
Сізге тілек : алға өрлеп ісіңіз ,
Көп болсыншы қуанышты кезіңіз !

Жайнап өсе берсін әркез "Нұр Отан"
Сізге шаттық сыйлай берсін мына таң.
"Нұр Отанның" бастауымен әрқашан ,
Жайнай берсін біздің байтақ Ұлы Отан !


Пікірлер (1)

Модератор

Енгізіп жатқанда: егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері