Қамқор – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қамқор» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2129
Тоқ!
Тоқ!
Тоқылдақ
Тынбайды тоқылдап.
Жеп жатты құрттарды
Қабықтан шоқып ап.
Салып бар салмағын,
Күшімен балғаның
Тұмсықпен соғады
Орманның талдарын.
Бір тыным көрмейді,
Еңбекпен ерлейді.
Тоқылдақ осылай
Орманды емдейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері