Қаймығып қақпа алдына көп келемін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қаймығып қақпа алдына көп келемін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1262
Қаймығып қақпа алдына көп келемін,
Үйінде бар ма, жоқ па деп келемін.
Таба алмай қайтсам-дағы қапаланып,
Келмейді саған ешбір өкпелегім.
Төгіліп кемерінен төкпегенім,
Тулайды жүрегімде отты өлеңім.
Қалсам да кақпа алдында ұзақ тұрып,
Келмейді саған ешбір өкпелегім.
Түндері тамылжыған көктеменің
Жұлдыздай қол жетпейтін көкте ме едің?
Көзіңді көрсем болды күлімдеген,
Келмейді саған ешбір өкпелегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері