Бала кез. Ауыл таңы – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Бала кез. Ауыл таңы» атты Нұржан Қуантайұлы жазған бала туралы өлең берілген.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2038
Бусанған белдер бұлдыр сағымға керiлiп,
Итарқа қидан итшiлеп шыққан жел үрiп.
Малын сау уға мамырлай басса жеңгейлер,
Бақташы жiгiт барлыға «бол!» деп демiгiп.
Шырынға қонған шыбынша құрып көп базар,
Тоғайдың басы торғайлар келiп топтасар.
Оянып сонда ой жаққа қарай жөнелер
Қақырып қойып құманын алған қатпа шал.
Беймаза ескек белдердi асып тыншыға,
Ызғардың таңғы ырықсыз тiлi құмығып.
Қойнауда жатқан қонақжай ауыл күн шыға
Қоңыр тiрлiктiң қомына кетсе iлiнiп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері