Сырласамын өзім қалып өзіммен
- 0
- 0
Сырласамын өзім қалып өзіммен,
Сырласпаған, мұңдаспаған кезім кем.
Мына өмірден көзін жұмған көп досым,
Жас боп ақты жүрегімнен, көзімнен.
Бұл бетте «Майра» атты Майра Уәлиқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сырласамын өзім қалып өзіммен,
Сырласпаған, мұңдаспаған кезім кем.
Мына өмірден көзін жұмған көп досым,
Жас боп ақты жүрегімнен, көзімнен.
Бұрылысты уақыт төтелетіп,
Кешегімді бүгінім бекер етіп.
«Ертең ертең» деп жүріп, еркелетіп –
Келген өмір, басымнан кетеді өтіп...
Сағынамын, іздеймін, таба алмаймын
Алынбайтын әлсізге қамалдаймын.
Жастықпенен көбірек ұйықтап қалып,
Арманынан кешіккен адамдаймын.
Көктем менің көкірегімде көктеген,
Жапырақтарын жерге қанша төкті емен.
Жанымның бар жырға төгіп шуағын.
Мен өзімді сүйікті етсем деп келем.
Асқар шың ана сынды шынар үшін,
Шынарға бұрып ылғи тұрады ішім.
Күшім жоқ кері қарай ағызуға
Өмірдің жал-жоталы ұлы ағысын.
Түспей жүр сол бір бейне көптен еске,
Шықпаппын көптен бері көк белеске.
Қалтылдап шыққан қыстан мынау ағаш,
Беймәлім, көктер ме, әлде, көктемес пе...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі