Қолшатыр – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Қолшатыр» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2434
Шайдай ашық көк аспан –
Қолшатыры ғаламның.
Көк аспанға жол ашқан,
Бәсiн қара шамаңның...

Қолшатырдың шегi жоқ,
Тiреуi жоқ, тiреуi!
Жарық барда көбiрек
Шайдай ашық нұр өңi.

Нұрлы өңiнiң сынына
Зорға жүр-ау жан шыдап...
Күннiң қарашығынан
Жарық үндер тамшылап.

...Ай ұшырып тағынан,
Күндi суға батырды.
Қараңғы түн,
Жалынам,
Жинамашы шатырды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері