Кешірдім бәрін кешірдім – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Кешірдім бәрін кешірдім» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1616
Жоғалды десем, бар екенсің ғой,
Оқыстан тауып алғаным.
Біреуге жақсы жар екенсің ғой.
Орындалды ма арманың?

Жақыным десем, жат екенсің ғой.
Жүрекке айтсам көнбеді.
Біреуге таудай әке екенсің ғой.
Елесің жап-жас мендегі!

Біраз адамға керек екенсің,
Арқалап алған жүгің бар.
Төбеден құлдап келеді екенсің,
Болшы деп алла өзің жар.

Беттерін жиі санайды екенсің,
Күнделігіңді жаптырмай.
Жазыңды қимай, қарайды екенсің,
Тырнаны қайтқан жақтырмай…

Сағыныш,мұңға тоқ екенсің ғой.
Тимепті себі шешімнің.
Жетісіп жүрген жоқ екенсің ғой,
Кешірдім, бәрін кешірдім…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері