Рудакидің інісіне айтқаны

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

«Қатты кеттің, аға», – деп сөкпе мүлде,
Ойлансаңшы,
Жоқ дейсің өкпе кімде?
Аққа қара жаққыш деп естігенде,
Білу қиын ес шығып кеткенін де.
Ақпа­төкпе мол екен тасынғаны,
Ұмытпадым тік жала басын да әлі.
Жарамады араздық еткізбеуге,
Жуан досың өсекшіл қасыңдағы.
Үлкендікті танымау – сүймейтінім,
Артымыздан кім алсын күлмей тыным.
Аңдап қара, бауырым, ақынмын ғой,
Алған беттен қайтуды білмейтұғын.

2003


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рудакидің інісіне айтқаны өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Рудакидің інісіне айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Рудакидің інісіне айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рудакидің інісіне айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері