Бұл бетте «Қайтадан...Мен үнсізбін» атты Қабдол Нұрбибі Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайтадан
Мен үнсізбін..
Әліде үндемеймін...
Тіл қатпаған кінәлі тілім деймін,
Ақталса тіл,өзімді тілімдеймін...
Шындықтың түбіне кеп,
мен енді ешқашан үңілмеймін...
Көрдім талай қиналғанды,жанғанды,
Көрмедім қиналып кеп,топ жарғанды.
Әділдіктің ақ туына жан жүгіртіп,
Суырып сап, көз алдыңда жалғанды.
Айтсаң егер кейін тағы өкінесің,
Қу тіліңе алданып,өкіресің,
Шындық айтқан сен емес
бұл мезетте,
Кінәлісің,кешірімді өтінесің....
Ақиқаттың ақ жолына жүгірдім,
Жетпей жатып тағы жолдан сүріндім.
Сол уақытта ойлағаным дұрыс ой,
Соны көріп жалғандыққа жүгіндім.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі