Күллі әлемді қаратқан – Бұқар жырау

Бұл бетте «Күллі әлемді қаратқан» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.01.2016
  • 0
  • 1
  • 24301
Күллі әлемді қаратқан,
Ең алдымен Алланы айт.
Бойыңа жан таратқан
Аты жақсы Тәңірді айт.
Төрт шәдияр Мұстафа
Кітап ашқан ғалымды айт.
Мұхамметтің аяты,
Алла сөзі Құранды айт.
Пайғамбардың сүндеті
Бес уақытқы намазды айт.
Тәңірім салса аузыңа
Жан жолдасың иманды айт.
Жамандыққа жақсылық
Еткен таза арыңды айт.
Қара қылды қақ жарған
Наушәруандай әділді айт.
Арзы менен күрзіні айт,
Лауқа менен каламды айт.
Құдіретімен жаралған,
Он сегіз мың ғаламды айт.
Ақтан сия танытқан,
Дәуіт пенен қаламды айт.
Сөйлеу үшін жаратқан,
Сөз анасы сәлемді айт.
Тірліктегі сыйласқан,
Ата менен анаңды айт.
Адам үшін жарасқан,
Қызықты нәубет балаңды айт.
Өлгеннен соң жер жұтқан,
Қараң қалар денеңді айт.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

serik_kudaibergen

Бұқар жыраудың  Бірінші тілек тіліміз деген өлеңі жоқ екен

Осы автордың басқа өлеңдері