Түкпірінде түпсіз терең көңілдің...
- 8
- 3
Түкпірінде түпсіз терең көңілдің
Сыр бар еді әлі ешкімге ашпаған.
Өмір – теңіз бетін жүр ем кезумен,
Аралдайын адам аяқ баспаған.
Бұл бетте «Ақыл #1» атты Бақытгүл Қалдарбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түкпірінде түпсіз терең көңілдің
Сыр бар еді әлі ешкімге ашпаған.
Өмір – теңіз бетін жүр ем кезумен,
Аралдайын адам аяқ баспаған.
Жалғыздықтан шаршады қара басым,
Жалғызсырау білсем де жарамасын.
Күдіктене беремін барлығынан
Дос болуға мен, сірә, жарамаспын.
Ендігәрі өкінбеймін мүлде деп,
Тағдырыммен сөз байласып, келіскем.
Оған себеп – сенсің, ботам, бірден бір,
Оған жалғыз куә да өзің – періштем.
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі