Өлең, жыр, ақындар

Ваель жайлы

Сол күні де жаңбыр жауған болатын десем
Сенбейтін шығарсыз, бәлкім...
бізді кездестірген Шопен мен жаңбыр..
ал шағалалар
парша парша бөлініп терезеден лақтырылған
әлемдегі ең қасіретті хат сынды ұшатын
Стамбұлдың аспанында..
ең қасіретті хат
немесе сен ойнаған Шопеннің әуені сынды...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қираған үй

  • 0
  • 2

Қираған үй мен салынып бітпеген үйдің арасында айырмашылық жоқ дейтінбіз…
Қираған үйге үреймен, салынып жатқан үйлерге үмітпен қарайтынбыз бірақ…
Ал сонсоң,
Құдды өткеніміз бен болашағымызға қарағандай
қарап тұратынбыз екеуіне бірге…
үрейлі үмітпен..

Толық

Революционер

  • 0
  • 0

Түнде жорылған түсің секілді,
немесе
Үстел басында қапсырылған тізеңдей,
табалдырық басқан бала мен босағаны керген қолдардай,

Толық

Сен сүйген әуендер

  • 0
  • 0

Сен сүйген әуендер
Сен жаққа алып кете алмады сені.
Көзімді ашсам
бір бірінен айнымайтын аспан мен теңіз.

Толық

Қарап көріңіз