Тілдер мерекесіне арнау өлең – Gulzina08

Бұл бетте «Тілдер мерекесіне арнау өлең» атты Gulzina08 жазған поэзия туралы өлең берілген.

Тамшыдай өлең жазсам "тілім "дедім,
Тілімнен көрінеді құным менің.
Бабаларым аңсаған азат күнде,
Жөн болмас өз тіліңнен сүрінгенің.

Ұлтымның бар тірегі азаттығым,
Қасиетті,қастерлі,қазақ тілім.
Жүрегім қазақ деген әр азамат,
Біліп жүрсін ана тілін-қазақ тілін.

Өз тілімнен шығатын азат бала,
Өз тіліңде бұлбұлша сайра бала.
Тілің сенің өзгеге мақтанарың,
Тілің сенің анаңның ғажап үні.

Тілімнен төгіледі маржан сөздер
Тіл деген әр адамға ғажап өнер
Қазақтың сөздеріңде көркем нақыл
Ана тілім біздерге сөздер ілер

Сүйемін бүгінде мен ана тілді
Естіледі біздерге әсем үні
Тіл білмеген қазағым қайда жүрсің?
Аманатқа қиянат қылдың бүгін


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар