Сағынбайтындарға

Бұл бетте «Сағынбайтындарға» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Пенде едім мұңға көп малынбайтын,
Бір уайымнан болыппын арылмайтын.
Соңғы кезде жақынның ұялыма,
Қоңырауы болыпты шалынбайтын.

Мені әлде, болған ба сағынбайтын -
Не дерт екен дауасы табылмайтын?
Өзгені қой, жақыннан хабар күте,
Мынау әлем осынша тарылмайтын.

Заман, уақыт түрі жоқ дамылдайтын,
Көштен қалар кез де өткен, уайымдайтын.
Шаруадан қалды, - деп дүре соғып,
Ешкімнің де басы әсте шабылмайтын.

Хат та болды осы күн жазылмайтын,
Ат шаптырып жер-жерге шашылмайсың.
Телеграфтың қызына тәтті беріп,
Қоңырауды күтуден қажымайсың
Ержан Қабышұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағынбайтындарға өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Сағынбайтындарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағынбайтындарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағынбайтындарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер