Өлең, жыр, ақындар

Сағынбайтындарға

Пенде едім мұңға көп малынбайтын,
Бір уайымнан болыппын арылмайтын.
Соңғы кезде жақынның ұялыма,
Қоңырауы болыпты шалынбайтын.

Мені әлде, болған ба сағынбайтын -
Не дерт екен дауасы табылмайтын?
Өзгені қой, жақыннан хабар күте,
Мынау әлем осынша тарылмайтын.

Заман, уақыт түрі жоқ дамылдайтын,
Көштен қалар кез де өткен, уайымдайтын.
Шаруадан қалды, - деп дүре соғып,
Ешкімнің де басы әсте шабылмайтын.

Хат та болды осы күн жазылмайтын,
Ат шаптырып жер-жерге шашылмайсың.
Телеграфтың қызына тәтті беріп,
Қоңырауды күтуден қажымайсың
Ержан Қабышұлы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар