Өлең-хат

Бұл бетте «Өлең-хат» атты Несіпбек Айтұлы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

(Ділда Матайқызына)

Өмірі шуақты, қуатты, жақсы ана,
Келдіңіз аяңдап сексен бес жасқа да!
Қалың ел құттықтау жолдаған шығар-ау,
Бас болып Атырау, Алматы, Астана!
Бармақтай бақ берсе бір Алла маңдайға,
Өлгенің тіріліп, өшкенің жанбай ма!
Алашқа Имаштай арыстан ұл берген,
Дәл Сіздей шешеден айналсақ болмай ма!
Жамырап бұтағың жасай бер, әз ана,
Шаң жұқпас ешқашан жүрегі тазаға.
Қиянат көрсе де, қиямет көрсе де,
Асылдың сынығы тот басып тоза ма?!
Қаршадай қыз күннен қиындық көрдіңіз,
Келешек келбетін ойменен шолдыңыз.
Сіз жаққан ошақтың сөнбейді мәңгі оты,
Халықтың төрінде қашанда орныңыз!
Разы аруағы ата-ене, жардың да,
Парызыңыз өтелген ұрпақтың алдында.
Үлгіңіз жалғасар болашақ жылдарға,
Өлшемі Өзіңіз ұят пен ардың да!
Сіз келе жатсаңыз, кім кесіп өтеді?
Жол берер бас иіп әр қазақ жетелі.
«Бұл кім?» деп сұраса білмеген біреулер,
«Имаштың анасы!» деген сөз жетеді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең-хат өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Өлең-хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең-хат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең-хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері