Тойға тілек

Бұл бетте «Тойға тілек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Марқұм Тұрсынғазы Әлпейісов досым елуге келгенде оқыған өлең)

Жан досым, келдің биыл елу жасқа,
Жүрегің шерге толы, көзің жасқа.
Қаптаған қалың Суан ортасында,
Басқасы бір бөлек те, өзің басқа.
Елуің еңкеймесін, жан құрдасым,
Тілектес, топырақтас, тағдырласым.
Гүл жайнап Жұпар сұлу талдырмашың,
Тұлпарың тасқа тұяқ шалдырмасын!
Ел жүгін сен бір сабаз арқалаған,
Төріңнен той­-думаның тарқамаған.
Байыппен, бәсең жүріп, басып өттің
Талайдың тас кеудесін шалқалаған!
Бір ауық ел аңсадың, жер аңсадың,
Қайғырсаң, сүйенішің қаламсабың.
Түсіңе күнде енеді тыным алған,
Боғданың бауырында Кәмал шалың.
Адамда арман деген таусыла ма,
Әлі де тағдыр сыйлар сан сыбаға?!
Бұрқырап, тасты жарып шыға келер,
Құдайым ғұмыр берсе тамшыға да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойға тілек өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Тойға тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойға тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойға тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері