Түйе неге көңілсіз? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Түйе неге көңілсіз?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ой-һой, шiркiн, көктем,
Салтанатты неткен!
Жатыр əне – мысық,
Баурында төрт мысық.
Iлесiп жүр итке
Бақандай бес күшiк.
Мынау жүрген – шошқа,
Он бес торай тауып.
Қасында отыз шөже
Анау жүрген – тауық.
Сиырда – бiр бұзау,
Қойда – қозы егiз.
Қоқырайып қаз тұр,
Балапаны сегiз.
Апанында – қасқыр,
Бөлтiрiгi алты.
Аюда – үш қонжық
Əдеттегi қалпы.
Көңiлсiз ғой түйе,
Неге жүр ол жалқы?
Екi жылда бiр рет
Боталайтын салты.
Бота таппай бұл жыл,
Түйе содан тұнжыр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түйе неге көңілсіз? өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Түйе неге көңілсіз? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түйе неге көңілсіз? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түйе неге көңілсіз? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері