Қақпашы
Бұл бетте «Қақпашы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 29.12.2023
- 0
- 0
- 1010
Қақпашы Тоқпай,
Мықты ешкiм жоқтай,
Секiрдi келiп,
Жел үрген доптай.
Бiлмей де қалды
Сөйтем деп тұрып,
Кеткенiн доптың
Қақпаға кiрiп.
Əттеген-ай!
Қап!
Тұр едiк жеңiп!
Жабыла сөктiк,
Өзiне төнiп!
Көңiлi тасқан,
Қақпашы Тоқпай.
Кiнəлi болды,
Қызарып оттай.
Тұр Тоқпай шөгiп...
Көңiлi жоқтай.
Тұр ендi семiп...
Бiз тескен доптай.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі