Мен туыппын көктемде – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мен туыппын көктемде» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Перзент көрмей әкемнің ерні кепкенде,
Атанып бедеу, қасірет анам шеккенде.
Есіркеп халық,
«Ашқай деп бағын пақырдың»,
Үлкенді-кіші Алладан тілек еткенде.
Келіппін мынау дариға дарқан өмірге,
Тебіндеп өңір, тебіреніп жатқан көктемде.
«Сүйінші» деп сұратпай кіндік кескенге –
Жауыпты әкем шапанын жалғыз шешкенде.
Баспақ боп мауқын аңсаумен өткен жылдардың,
Қолына алып, шөліркеп келіп өпкенде.
Шынтақтай дене шырылдап жатқан бейкүнә,
Телегей теңіз толқыған жыр боп кеткен бе?
Өйткені, достар, осы бір ғажап көктемде,
Сәулелі шуақ күн нұрын жерге төккенде.
Жыр болып жаным, гүл болып жаным тербеліп,
Нөсер боп төгіп өтеді бір сәт көктен де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен туыппын көктемде өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен туыппын көктемде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен туыппын көктемде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен туыппын көктемде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері