Шабыт – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Шабыт» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кеудемді керші, жұпар самал ескен,
Сан гүлдер, қайдасыңдар далада өскен?
Көмескі түсте көрген қызықтардай,
Өткен күн неге шығып барады естен?
Қайтарып ала алмастан өткенімді,
Шегеріп он жыл артқа көкте күнді.
Жанымның жауқазыны сарғыш тартса,
Демеңдер, сарғыш тартты текке мұны.
Төгіліп төрт аяғы тең жорғадай,
Қиялмен қия құшам жерге қонбай.
Самайдан салқын терім сорғалайды,
Шабыт келсе ақыл-ой менде болмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабыт өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Шабыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шабыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шабыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері