Өлең, жыр, ақындар

Жасанды бола алмадым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жасанды бола алмадым,
Қасанды бола алмадым.
Аяқтан мені шалғанды,
Аяқтан шала алмадым.
Сүйіндім жаны жақсыға,
Күйіндім ары тапшыға.
Жәдігөйлерге жақпадым,
Жағымпазданбадым басшыға.
Шындығын айттым шындықтың,
Мұңлығын айттым мұңлықтың.
Қулығын айттым қулықтың,
Сұмдығын айттым сұмдықтың.
Жалтарыс болмас жырымда,
Қалтарыс болмас сырымда.
Жазады деме жалғандық,
Өлсем де мына ғұмырда
Айтатын шындық жетерлік,
Айтатын міндет көтердік.
Айта алмасаң аулақ кет,
Ақынмын деуің бекерлік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасанды бола алмадым өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Жасанды бола алмадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жасанды бола алмадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасанды бола алмадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері