Ұмытсам деймін – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ұмытсам деймін» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ұмытсам деймін,
Дұшпанның таба жаласын,
Дұшпансыз кімді табасың?
Керегі қанша жаңғыртып,
Жаныңның ескі жарасын.
Ұмытсам деймін,
Ортайған, толған кездерді,
Мадақтау, қанқу сөздерді.
Өзгермей одан өмірім,
Олардың бәрі өзгерді.
Ұмытсам деймін,
Өкініш, наза, өкпені,
Өкінткен кездер көп мені.
Жақсылық білмес жаманның,
Жаныма батты сөккені.
Ұмытсам деймін,
Ұмыта алсам барлығын,
Туғандай болып дәл бүгін.
Өткені құрсын, өкініш,
Өртене берме, жан гүлім.
Ұмытсам деймін:
Барлығын бастан өткеннің,
Әсерін күздің, көктемнің.
Ойлай да ойлай сарғайдым,
Түбіне ойдың жеткен кім?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұмытсам деймін өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұмытсам деймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұмытсам деймін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұмытсам деймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері