Адамдығын өзінің түсінбеген – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Адамдығын өзінің түсінбеген» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Адамдығын өзінің түсінбеген,
Кім сөйлесер түйсіксіз кісіңменен.
Ұлыққа да айтамыз кішік бол деп,
Болмай жатып қорқамын ісінгеннен.
Қанға сінген олардың бір өнері,
Ісің түссе сыздана түнереді.
Әлді көрсе, майысып маймыл болып,
Әлсіз көрсе, талтандап шіренеді.
Осы шығар кертартпа, пендешілік,
Пенде атың бүркенген кем бе есірік.
Мен кешіріп, ағайын, қоя қойдым,
Қояр болсаң бұларды сен кешіріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамдығын өзінің түсінбеген өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Адамдығын өзінің түсінбеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамдығын өзінің түсінбеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамдығын өзінің түсінбеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері