Шаруа мен жылан

Бұл бетте «Шаруа мен жылан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1379
Жылан келіп Шаруадан өтінді,
Балаларын бағуға,
Адалдан нан табуға,
Еңбек етіп өтімді:
«Жыландардың жаман аты тараған,
Сондықтан да бар адам
Шошына қараған,
Нағыз жау деп санаған.
Ойлайды олар бұрыннан:
Жоқ деп бізде туыстық пен жарасым,
Оңбайды оған ұрынған,
Керек десе, жей салар өз баласын.
Мүмкін, солай, мен бөлекпін алайда,
Ниет қылман, шақпақ түгіл кісіңді.
Зұлым болу жарай ма?
Нанбасаң сен, суырып ал тісімді.
Усыз да күн көремін,
Оған сенемін.
Қысқасы, арыл күманнан,
Момынмын бар Жыланнан,
Ұлдарыңды сүйіп бағам, бұған нан!»
«Бұл сөзіңе, – деді Шаруа, – мол сеніп,
Кіргізбен үйге мен сені.
Болсаң-дағы бір Жылан,
Сене қалсам сендейге,
Жылжыған
Еріп келіп мың Жылан,
Балам түгел өлмей ме?
Мейлі, қанша бұлаңда,
Сөзің миға қонбайды.
Жақсы деген Жылан да
Маған бауыр болмайды».
* * *
Әкелер-ау, түсініңдер бұған да...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруа мен жылан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шаруа мен жылан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаруа мен жылан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаруа мен жылан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері