Гүл екенсің, аңқытқан гүл иісін – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Гүл екенсің, аңқытқан гүл иісін» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Гүл екенсің, аңқытқан гүл иісін,
Кеудем толы әлі де тұр иісің.
Жанап өтті жанымнан
Жүрегіме
Иісіңнен дірілдеп жыр ұйысын.
Жанарыңнан төгілген сәулелі нұр,
Қанша жанды, қалқам-ау, әуре ғып жүр?
Ерер едім соңыңнан бұрылмастан,
Бұлқына алмас ғұмырдың дәурені бұл.
Құмарым боп кездестің тарқамаған,
Білсем екен алдыңда қанша бағам?
Мәжнүн боп сен үшін кетер бір күн,
Мен секілді сал-сері арқалы адам.
Кінәрат жоқ қылдай тілегінде,
Сезім нұры лапылдар реңінде.
Сені егер көрмесем, періштем-ау,
Сұлулықтың қадірін білемін бе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл екенсің, аңқытқан гүл иісін өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Гүл екенсің, аңқытқан гүл иісін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл екенсің, аңқытқан гүл иісін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүл екенсің, аңқытқан гүл иісін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері