Шыр етіп кіндік қаным тамған мекен – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Шыр етіп кіндік қаным тамған мекен» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шыр етіп кіндік қаным тамған мекен,
Ең алғаш тынысымды алған мекен.
Өрілген өзегімнен өлеңімді,
Өзіңе өмір бойы арнап өтем.
Іздері табанымның қалған мекен,
Қанаты қиялымның талған мекен.
Кіндігім қазығыңда байлаулы тұр,
Тілекті тілегіңмен жалғап өтем.
Тербетіп анам белі талған мекен,
Көтеріп әкем атқа алған мекен.
Жәннатым, жанарымда сен тұрғанда,
Мерейім өсіп, мейірім қанған мекен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері