Өлең, жыр, ақындар

Бірдей емес барлық бейне

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бірдей емес барлық бейне, мүсін де,
Бірдей емес екі қолда күшің де.
Бірдей емес бір сәттегі қозғалыс,
Бірдей емес бір сәттегі ісің де.
Сол секілді, айналайын жарандар,
Бірдей емес, бірдей емес адамдар.
Елдің бәрі болса ақылды, данышпан,
Қайдан шықты ақымақ пен надандар?
Бірдей емес, ам
ал қанша, адамдар,
Арасында жақсы да бар, жаман бар.
Атымтайдай жомарт болса жан біткен,
Тумас еді Қарабайдай сараңдар.
Сол секілді бірдей емес тағы да,
Әр адамның пейілі де, бағы да.
Біреулері білегіне сиынса,
Сиынады бірі тіл мен жағына.
Сол секілді біреулер таң атырып,
Тебіренсе ой теңізін сапырып.
Біреулер жүр арақ ішіп, мас болып,
Өмірінің берекесін қашырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бірдей емес барлық бейне өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Бірдей емес барлық бейне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бірдей емес барлық бейне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бірдей емес барлық бейне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері